Арманыңыздағы әуекомпанияға
инвестиция жасаңыз
Air Astana тобы – бүкіл әлем бойынша 39 бағытта ішкі және халықаралық әуесапарларын жүзеге асыратын Қазақстан мен Орталық Азияның ірі әуекомпанияларының бірі.
Skytrax рейтингіне сәйкес, Air Astana тобы әлемдегі ең үздік 50 әуекомпанияның қатарына кіреді.
Өз қызметі барысында компания жоғары қаржылық көрсеткіштерге ие болды және өсу үшін сенімді ұстанымы болды.
Компания 2002 жылы құрылған.
Нарықтағы үлесі:
ішкі рейстер – 69%
халықаралық рейстер – 47%
Бір акция бағасының ауқымы 956 теңгеден 1237 теңгеге дейін.
*29.01.2024 жылға арналған ҚҰБ ресми бағамы бойынша ГДР үшін 8,50-ден 11,00 долларға дейінгі диапазонға тең. Түпкілікті баға 09.02.2024 жылы АҚШ долларымен айқындалатынына және Қазақстан Ұлттық Банкінің сол күнгі бағамы бойынша теңгедегі тиісті сомаға баламалы болатынына назарларыңызды аударамыз.
2023 жылдың 9 айындағы жалпы кіріс 1,2 млрд АҚШ долларын құрады.
Таза пайда 18,7%-ға өсіп, 72,4 млн АҚШ долларына жетті.
KASE, AIX, LSE
«Air Astana» және FlyArystan.
Акциялардың 51% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-қа, 49% BAE Systems Kazakhstan Ltd ЖШС-ға тиесілі.
Бұл компанияның акцияларын шектеусіз тұлғаларға сату үшін қор нарығында бастапқы орналастыру процесі. Компания үшін бұл – инвестицияларды тартудың тиімді әдісі, ал инвесторлар үшін – компаниялардың ортақ иесі болу және акцияларды сату мен дивиденд алу арқылы ақша табу мүмкіндігі.
Сөзбе-сөз айтқанда, компания инвесторларға өз акцияларын белгілі бір бағамен немесе белгілі бір диапазонда ұсынады, кейіннен олардың бағасы өсуі де, төмендеуі де мүмкін, бәрі компанияның қаржылық және операциялық жағдайына байланысты.
IPO-ға қатысу үшін "Инвестициялар" басты бетінде IPO қосымша бетін ашу керек немесе "Акциялар" тарауына өтіп, IPO баннеріне өтіп, IPO-ға қатысу туралы өтінім толтыруыңыз қажет. IPO-ға қатысу туралы өтінімде: соманы енгізіп, өтінім беріп, оған SMS-код арқылы қол қою қажет. Өтінімнің орындалуының нәтижесінде қор биржасында қорытынды шығарудан кейін Cіздің брокерлік шотыңызға акциялар бөлінеді.
Центр КредитБанкінің брокерлік шоты бар кез келген клиенті
Сіздің ақшалай қаражатыңыз, қанағаттандырылмаған өтінімдер бойынша, "Инвестиция" тарауындағы брокерлік шотқа оралады.
IPO-ға қатысу туралы BCC.KZ мобильді қосымшасы арқылы өтінім бергеніңізде комиссия 0% құрайды.
Әрине, өтінімді "өтінімдер кітабы" жабылған сәтке дейін өшіруге болады. Бірақ "өтінімдер кітабы" жабылғаннан кейін өтінімді өшіру үшін кеш болады.
Инвесторлардың барлық өтінімдері сатып алушының деректері мен сатып алынуы жоспарланған акциялар саны көрсетілетін, акцияларды сатып алуға берілетін өтінімдердің бірыңғай тізілімі болып табылатын "Өтінімдер кітабын" құрамдайды.
IPO-ға қатысуға берген өтініміңіздің мәртебесін кез келген уақытта "Тарих" тарауында тексеруге болады.
IPO-ға қатысуға өтінім беруіңіз үшін Cіздің брокерлік шотыңызда жеткілікті мөлшерде ақшалай қаражат болуы қажет, әйтпесе Cіз IPO-ға қатысуға өтінім бере алмайсыз.
IPO-ға қатысу онлайн режимде өтеді: ол үшін «Инвестиция» тарауында брокерлік шот ашып, брокерлік шотты толықтырып, IPO-ға қатысуға өтінім беріңіз.
Инвестиция құюдың ең кіші сомасы Сіз сатып алғыңыз келетін компанияның бір акциясының құнына тең. Инвестиция құюдың ең үлкен сомасы тек сатып алуға ұсынылатын акциялар көлемімен шектеледі.
IPO-ға қатысу кез келген компания үшін елеулі оқиға болып табылады, сол себепті компания туралы барлық ақпарат эмитент компанияның ресми сайтында орналастырылады.
Сіз IPO-ға шектелмеген мөлшерде өтінім бере аласыз. Алайда, өтінімдер сомалар бойынша қосылмайтынын ескеру қажет.
Қанағаттандырылатын өтінімдер бойынша акцияларды үлестіру аяқталған соң бағалы қағаздар орталық депозитарийдегі қосалқы шотқа есепке алынады. Компанияның акциялары "Инвестиция" тарауындағы Cіздің брокерлік шотыңызға есепке алынады.
ЖДҚ – жаһандық депозитарлық қолхат. ЖДҚ көбінесе "қайталама акция"деп аталады. Бұл қаржы құралы туынды бағалы қағаздарға (БҚ) жатады. Оның көмегімен шетелдік қор биржаларында және негізгі болып табылмайтын басқа биржаларда сауда-саттық жүреді. Бұл шетелдік компаниялардың акцияларын сатып алуға салынған тыйымды еңсеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте ЖДҚ иесі базалық актив ұсынатын барлық құқықтарға қол жеткізе алады. ЖДҚ әртүрлі номиналдардан құралуы мүмкін. Олар бір, екі, он бағалы қағазға және т. б. сәйкес келуі мүмкін.
KASE Қазақстанның негізгі қор алаңы болып табылады, онда корпоративтік бағалы қағаздарды саудалаудан бөлек, ақша нарығының операциялары және МБҚ орналастыру жүзеге асырылады.
Ал AIX – ағылшын құқығының қағидаттары негізінде әрекет ететін, сондай-ақ көптеген ірі шетелдік инвесторларға таныс және елге халықаралық инвестицияларды тартуға арналған мамандандырылған биржалық алаң.
LSE (ағылш. London Stock Exchange, қысқаша LSE) - Еуропадағы ең ірі және көне биржалардың бірі және әлемдегі ең танымал бағалы қағаздар нарықтарының бірі.
Инвесторлар локальді нарықта Air Astana компаниясының келесідей акцияларын сатып ала алады: АIX нарығында - ЖДҚ мен акциялар, KASE нарығында - тек акциялар.
BCC.KZ қосымшасында сіз IPO-ға тек KASE локальді биржасынан қатыса аласыз.
Жаһандық депозитарлық қолхаттар компанияның жай акцияларына 4-ке 1 ара қатынасында ұсынылатын болады (1 ЖДҚ = 4 акция).
ЖДҚ құны іс жүзінде акцияның, доллардың биржалық бағамы бойынша теңгедегі құнына тәуелді болады
Акция иелері үшін дивидендтер – кірістің бір түрі. Алайда, әр акцияға дивидендтер төлеу мөлшері мен төлем жиілігі дивидендтік саясатта анықталады және Акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі. Бұл ретте компания, ақшалай қаражат компанияны одан әрі дамыту үшін қажет және дивидендтер төленбейді деп шешуі мүмкін. Егер Директорлар кеңесі мен Акционерлердің жалпы жиналысы мұндай ұстанымды қолдаса, онда тиісті кезең үшін дивидендтерді жою туралы шешім заңды болып саналады.
Компанияда қабылданған дивидендтік саясатқа сәйкес Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысына есеп берілетін тиісті жыл үшін таза пайданың 30 % дейін төленуін ұсынуға құқылы. Компания акциялары бойынша жыл, жарты жыл немесе тоқсан қорытындылары бойынша дивиденд төлеу туралы шешімді Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды. Акционерлердің жалпы жиналысына дивиденд ұсыну туралы кез келген шешім мына факторларға тәуелді: тиісті жыл ішінде таза пайданың болуы; дивидендтер төлеміне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қандай да бір шектеулердің болмауы.
Бұдан бөлек, Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысына ұсынысын енгізе отырып, компанияның алдағы кезеңдер үшін қаржылық жағдайы мен инвестициялық жопарларын , айналым капиталының ағымдағы және болашақтағы жай-күйін, сондай-ақ қоғамның ағымдағы міндеттемелерін ескеруі мүмкін.